Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

ТарМУ студенттеріне АИТВ алдын алу туралы

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жатақханаларында тұратын жастар арасында ЖИТС қарсы күрестің дүниежүзілік науқанын өткізу жалғасуда. Студенттердің оқуы мен тұруы үшін Тараз қаласында 3 жатақхана жұмыс істейді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары облыстық СӨС орталығымен бірлесіп барлығында іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Облыстық ЖИТС орталығының педагогы Жакенова Рахима және СӨС педагог Сарыбаева Балхаш кездесу барысында «Жаһандық ынтымақтастық, жалпы жауапкершілік» науқанының мақсаттары мен міндеттері туралы әңгімелейді, АИТВ білуге викториналар, АИТВ ерікті тестілеуді жедел экспресс әдіспен өткізеді. Жүлделер СӨС қорынан қарастырылған.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған