Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Халықаралық қарттар күні

         Қазақстанда жыл сайын 1 қазанда Халықаралық қарттар күні қарттықты құрметтеу және қастерлеу дәстүрлеріне құрмет ретінде, қарт адамдардың сіңірген еңбектерін, олардың мемлекет дамуына қосқан көпқырлы үлестерін мойындаудың белгісі ретінде атап өтіледі. Қазақстандықтардың әрбір жаңа буыны ақсақалдар даналығынан, олардың тәжірибесі мен адамгершілік қасиеттерінен үйренеді. Халықаралық қарттар күні БҰҰ Бас ассамблеясында 1990 жылы 14 желтоқсанда жарияланған.
Қарттар күнін өткізудің мақсаты-егде жастағы адамдардың мәселелеріне, қоғамның демографиялық қартаю мәселесіне назарын аудару. Қарт адамдардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктері туралы қоғамды ақпараттандыру дәрежесін арттыру.
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында көп жыл жұмыс істеген ардагерлерді – Жамбыл ЖИТС орталығының бұрынғы бас дәрігері, 20 жылдан астам жұмыс істеген және Жамбыл облысының АИТВ — инфекциясының алдын алу бойынша денсаулық сақтау саласына үлкен үлес қосқан Қ.Қ. Ажақаевты, сондай-ақ 20 жылдан астам ИФТ зертханасының меңгерушісі болып жұмыс істеген, өз ісінің тәжірибелі, сауатты маманы Р.Қ. Иманбаеваны құттықтады. Сондай-ақ, орталық қызметкерлері 12 ардагерді сыйлықтарымен марапаттап, ардагерлерге мықты денсаулық, ұзақ өмір тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған