Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Халық арасында АИТВ алдын алуда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің рөлі

Бүгінгі күні бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК), яғни АИТВ инфекциясының алдын алу емханалық қызметі мекемесінің рөлі өте зор. АИТВ тестілеуді және оның қолжетімділігін кеңінен тарату, тестілеу, берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастапқы медициналық-санитарлық көмек мамандары сәтті жүргізеді. Негізгі мақсат – АҚТҚ-ны ерте анықтау, ЖИТС кезеңіне жол бермеуге, өмірін ұзартуға және оның сапасын жақсартуға, сау балалардың туылуын және олардың болашағын жоспарлауға мүмкіндік беретін дер кезінде емдеуге мүмкіндік береді. Медициналық қызметкерлерді кеңес беру негіздеріне оқыту «Қауіп шкаласы», «Даулы тұжырымдар» тренингтері түрінде өткізілді. ЖИТС алдын алу жөніндегі мамандар: Садыбекова Ғалия, Мамедова Тұрана, Айшенова Қыз-Жібек қатысушыларды Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында эпидемиологиялық жағдай, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), тері аурулары, стигма мен кемсітушілік туралы хабардар етті. Қатысушылар АИТВ білу үшін сауалнама жүргізді. Тренинг 13 күннің ішінде Байзақ ауданының 40 медициналық-санитарлық көмек қызметінің (КПД, СВА, ФАП, МП) медицина қызметкерлерімен жүргізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған