Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№5 ҚЕ ШЖК МКК өткен семинар

2019 жылдың 11 шілдесінде Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары: АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері И.И.Дегтерева және алдын алу бөлімінің дәрігері К.Б.Аушенова Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының таралу деңгейімен таныстыру, АИТВ-жұқпасының жаңа нормативтік-құқықтық базасымен, АИТВ-инфекциясына жататын контингенттерді тестілеу және кәсіби жұқтырудың алдын алу ережелерімен таныстыру мақсатында №5 ҚЕ ШЖК МКК медициналық қызметкерлеріне арнап семинар өткізді.
Эпидемиолог дәрігері  И.И.Дегтерева ҚР және Жамбыл облысы бойынша 2018-2019 жылдардағы АИТВ-жұқпалары бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат беріп, АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС бойынша негізгі НҚА таныстырды. Жұқтыру қаупі жоғары топтағы медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясына тексерілу жиілігі бойынша енгізілген өзгерістер қаралды. № 64 бұйрық бойынша медициналық ұйымдардағы іс-шаралар туралы эпидемиолог дәрігер  К.Б.Аушенова сөз сөйледі.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған