
Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Д.Абдраманова жүргізді.
Семинардың мақсаты – қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының таралу деңгейімен, АИТВ инфекциясы бойынша жаңа нормативтік-құқықтық құжаттармен, АИТВ -ға тексерілуге жататын контингенттерді анықтау және профилактика шараларымен таныстыру болды.
Семинар барысында Жамбыл облысы және республика бойынша АИТВ/ЖИТС -тің эпидемиологиялық жағдайы, медициналық ұйымдардағы ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар, АИТВ инфекциясына міндетті құпия медициналық тексеру жүргізу қағидалары, кәсіби жұқтырудың алдын алу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, стигма мен кемсітушілік мәселелері, АИТВ -инфекциясын диагностикалау, емдеу және қатар жүретін аурулар тақырыптары кеңінен талқыланды.
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.