Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Шу ауданына мониторингтік сапармен

2020 жылдың 25-28 ақпанында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары 2019 жылдың жұмысын қорытындылау мақсатында Шу ауданына мониторингтік сапармен келді. Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Ғ.Ү.Садыбекова, Г.Т. Байдаулетова және И.И. Дегтерева Шу қалалық емхананың, Шу қаласының және Төле би кентінің ОАА, Шу қалалық ауруханасының медицина қызметкерлеріне кеңестік-әдістемелік көмек көрсетті. АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу мәселелері бойынша босандыру қызметінің мамандарына тренингтер өткізілді, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне АИТВ туралы сауалнама жүргізілді. Шу қалалық стационарлық Сенім орталығының мамандарымен негізгі халық топтарымен жұмыс жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған