Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Ересектердегі АИТВ-инфекциясы

  1. АИТВ инфекциясы адамның ағзасын түрлі инфекциядан қорғайтын иммундық жүйені зақымдайтын инфекция. АИТВ жұқтырған адамдарды АИТВ-мен өмір сүрушілер деп атайды. АИТВ инфекциясы иммундық жүйенің СД4 клеткаларын зақымдайды.
    АИТВ инфекциясы асқынған жағдайда ЖИТС-ке әкеліп соқтырады. ЖИТС (СПИД )- жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы. Бұл кезеңде науқаста оппортунистік аурулардың бой көтеруіне ағза қолайлы болып табылады. Яғни туберкулез,онкологиялық аурулар, пневмония аурларына шалдығу деңгейі жоғарылайды. АИТВ инфекциясының қоздырғышының
    жұқтыру қаупі жоғары адам ағзасының биологиялық сұйықтықтарына қан, әйелдің қынап сұйықтығы,ерлердің шәуеті, ананың сүті жатады.
    Сондықтанда АИТВ-ң негізгі үш жұғу жолдары анықталған.
    -Қан және оның компонеттері арқылы
    -Қорғалмаған жыныстық жол арқылы
    -Анадан балаға берілу жолы арқылы жұғады.
  2. АИТВ–ға антиденелерді анықтау үшін экспресс-тесттер (оларды «қарапайым» немесе «жылдам» тесттер деп те атайды) – бұл 40 минуттан аз уақыт ішінде арнайы жабдықсыз жасауға болатын тесттер. «Қарапайым» немесе «жылдам» тесттердің қолданылу аясы:
  • босану алдындағы кезеңде АИТВ-мәртебесі белгісіз жүкті әйелдерді тестілеу (босану кезінде АИТВ-инфекциясының дәрі-дәрмектік профилактикасын тағайындау үшін);
  • медициналық араласуларды орындау кезінде авариялық жағдай болған жағдайда АИТВ-ға тестілеу (медицина қызметкерге жанасудан кейінгі дәрі-дәрмектік профилактика туралы шешім қабылдау үшін);
  • шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде тәуекелі жоғары топтарға жататын, АИТВ-ға зерттеліп-қараудан өтпейтін адамдарды тестілеу үшін. «Қарапайым» немесе «жылдам» тестілерді қолдана отырып, АИТВ-ға әрбір зерттеу классикалық иммуноферменттік талдау (ИФТ)
    және иммундық блоттинг (АҚ) әдістерімен қанның сол порциясын міндетті түрде қатар зерттеумен сүйемелденуі тиіс.

АИТВ-ны алдын алудың негізгі қағидалары қауіпсіз және жауапты мінез-құлық, салауатты өмір салты болып табылады. АИТВ-инфекциясының таралуын бәсеңдетуге бағытталған басты стратегия әлі де кеңінен насихаттау болып отыр. АИТВ-ның берілу жолдары тұрғындармен жастардың арасында алдын алу шаралары туралы ақпараттар тарату, дәрістер, ақпараттық акциялар өткізу, әлеуметтік желілерде роликтерді жариялау және т. б. арқылы жүргізіледі. 2030 жылға қарай ЖИТС індетін тоқтату – тұрақты даму мақсаттарының тізіміндегі міндеттердің бірі, ол 2016 жылы Бас Ассамблеяда бірауыздан қабылданды. Бұл үшін біз «2030 жылға қарай АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайлары нөл»деп қойылған міндетке қол жеткізу үшін барынша күш салатын боламыз.