Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

МЕЙІРІМДІ МЕЙІРБИКЕ

Жыл сайын 12 мамырда бүкіл әлемде мейірбике күні аталып өтеді. Мейірімі мен жан жылуы, төзімділігі мен ісіне беріктігі арқылы науқастың кеселінен айығуына үлкен ықпал тигізетін жандар –мейірбике. Медицина саласында ерліктердің көпшілігін мейірбикелер жасайды десек артық айтпаймыз. «Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірмділік көрсете білетін маман. Соның бірі Жамбылдық Оксукбаевтар отбасында тәрбиеленген төрт баланың үлкені Дурия жас­тайынан арманшыл боп өсті. Мектепте ұстаздарынан алған тәлімін үйдегі ата-анасы берген тәрбиесімен ұштастырып, болашақта сенімді серік болатын мамандығын таңдады.
Әрине, ол мейірбикелік мамандық еді. Еркулова Дүрия Оксукбайқызы 1982 жылдың сәуір айында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. Міне, еңбек пен талапты өміріне серік еткен жалынды жас мектепті тәмамдаған соң, 1999 жылы Жамбыл медициналық колледжіне «Мейіргер ісіне» құжат тапсырып, үш жыл бойы тәлім алып шығады.
Иә, «Армандар асқақ өмірге жетелейді» дегендей, Дүрия келешек өміріне серік етем деген мейірбикелік мамандығымен еңбек кітапшасының ақ парағына алғашқы жазуды салды. Бұл 2004 жылдың жазы еді. Міне, осы уақытқа да биыл 19 жыл толыпты. Бүгінде Жамбыл облыстық
ЖИТС-жұқтырылған иммун тапшылғы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының алдын алу бөлімінің мейірбике болып еңбек жолын жалғастыруда.
– Ақ жүректі, алақаны шипа, ауызынан шыққан әрбір сөзі дәрі болған Дүриядай медбикеден ем алған науқас ешқашан «мен емделмедім» деп реніш айтып келген емес. Әріптестеріне үлгі, шәкірттеріне ұстаз бола білген аялы алақан иесі біздің мақтанышымыз, – дейді алдын алу
бөлімнің меңгерушісі Мейіржан Ысқақ. Жүгі ауыр салада қалтқысыз қызмет етіп, мейірімділік пен жылылықтың символына айналып, игі қызмет жасап жүрген медбике ісі қашанда сый-құрметке лайықты деп білеміз. Себебі, әрбір жанға медициналық көмек көрсетуде дәрігермен қатар,
медбикенің атқарар рөлі зор. Ол маман иелері денсаулық сақтау ісінің ажырамас бір бөлігі. Ендеше, денсаулық жаршысына айналған, адам өміріне арашашы, науқасқа ем сыйлаушы жандарды келіп жеткен төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Гиппократ антын қабылдап, міндетін мінсіз атқарушы медбикелердің мәртебесі үстем болсын.