19.03.2026 жылы Тараз қаласының «JANUIA medical center» емханасында «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің алдын алу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларын іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасы» шеңберінде өтті. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 155 бұйрығы).
98 қызметкерді қамтумен семинарды Жамбыл Облық ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері К.Е.Сметова өткізді. Сертификат нөмірлері 357-ден 454-ге дейін.