Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Орталық қызметкерлеріне арналған жиналыс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында қызметкерлерге арналған жиналыс өтті.
Жиынды Профилактикалық алдын алу бөлімінің меңгерушісі Т. Тайчибеков ашып, алдағы эпидемиялық маусым кезеңінде сақтық шараларын күшейтудің және санитариялық талаптарды қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Жиын барысында инфекциялық бақылау медбикесі А. Базарбай тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) алдын алу мәселелері бойынша ақпарат берді. Атап айтқанда, 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға арналған санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар туралы түсіндіріп, тиісті қаулы талаптарымен таныстырды.
Сондай-ақ бас мейіргер Л. Сатмаханова аталған бағыттағы алдын алу шараларын толықтырып, қызметкерлердің денсаулығын сақтау, инфекцияның таралуының алдын алу және жұмыс орнында санитариялық талаптарды сақтау бойынша бірқатар маңызды мәселелерге назар аударды.
Жиын соңында қызметкерлер санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысып, алдағы эпидемиялық маусымда атқарылатын профилактикалық іс-шараларды талқылады.
Сонымен қатар Орталық қызметкерлерінің мерейлі жасқа толуына байланысты арнайы құрмет көрсетіліп, еңбегі мен қызметтегі белсенділігі үшін естелік сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды.