2021 жылғы 04 маусымда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының базасында Жамбыл облысы бойынша қылмыстық — атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) пенитенциарлық мекемелерінің АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жауапты медициналық қызмет бастықтарының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Дәріскерлер Ғалия Садыбекова мен Виктор Когай семинар – кеңеске қатысушыларды жаңа нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырды: АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия және жасырын зерттеп-қарау қағидалары туралы, Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы, АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу қағидалары туралы. Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді. Сотталғандар мен тергеу барысында қамауға алынғандардың хабардарлығын арттыру үшін осы тақырып бойынша бейнероликтер мен плакаттар ұсынылды, бірлескен іс-шаралар үйлестірілді.