Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциның жобасы – халық денсаулығы мен әлеуметтік әділеттіліктің негізі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы – елдің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағыт0талған, қоғам сұранысынан туындаған маңызды әрі тағдырлы құжат. Бұл бастама мемлекеттің адамға, оның өмірі мен денсаулығына деген жауапкершілігін күшейтіп, әлеуметтік бағыттағы саясатты жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Конституция жобасы халықтың мүддесін алдыңғы орынға қоя отырып, әділетті, ашық және жауапты мемлекет қалыптастыруға негіз қалайды.
Ата Заң жобасында адам құқықтары мен бостандықтарының ең жоғары құндылық ретінде айқындалуы – денсаулық сақтау саласының дамуына тікелей ықпал ететін маңызды фактор. Әрбір азаматтың денсаулығын сақтауға және медициналық көмек алуға құқығының конституциялық деңгейде нақты бекітілуі – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған берік кепіл. Бұл, әсіресе, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, ерте диагностикалау және профилактикалық шараларды жүйелі түрде жүргізу үшін үлкен мүмкіндік береді.
Жаңа Конституция жобасында әлеуметтік әділеттілік, тең мүмкіндік және кемсітушілікке жол бермеу қағидаттарының көрініс табуы қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырады. Азаматтардың құқықтарының қорғалуына басымдық берілуі – қоғамдағы осал топтардың мүддесін қорғауға, медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және халық арасында сенімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Сонымен қатар, құжатта заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершіліктің өзара сабақтастығы айқын көрсетілген. Бұл әрбір азаматтың тек өз құқықтарын талап етіп қана қоймай, қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін де терең сезінуіне ықпал етеді. Құқықтық мәдениеттің артуы салауатты өмір салтын қалыптастыруға, аурулардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді.​
Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы – «Әділетті Қазақстан» қағидатын нақты мазмұнмен толықтырып, азаматтардың ел тағдырына деген ортақ жауапкершілігін күшейтетін іргелі құжат. Ол қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, дені сау ұлт қалыптастыруға және болашақ ұрпақ үшін берік құқықтық негіз қалдыруға бағытталған стратегиялық маңызы зор бастама деп санаймын.

Б. Қыдырбаев,
Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун
тапшылығы синдромының алдын алу
және онымен күрес жүргізу орталығының
бас дәрігері.