2021 жылғы 23 ақпанда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының алдын-алу және қоғаммен байланыс бөлімінде сенім пункттерінің психологтары мен медбикелеріне арналған семинар-тренинг өткізілді.

АИТВ-инфекциясы, эпидемиологиялық ахуал және «Зиянды азайту» бағдарламасы туралы негізгі түсініктердің тақырыптары қамтылды. Тренинг психоәлеуметтік кеңес түрінде және капиллярлық және сілекейлі тест әдісімен экспресс-тестілеуді жүзеге асыру түрінде өткізілді.