Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда отбасын жоспарлауға АИТВ өмір сүретін әйелдердің қолжетімділігіне кедергілерді бағалау

«ЮНФПА ШЕОА өңірінде отбасын жоспарлау жөніндегі кешенді қызметтер мен тауарларға маргиналданған қоғамдастықтардан адамдардың қол жеткізуіндегі кедергілерді бағалау» жобасы Шығыс Еуропа және Орталық Азия үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНФПА) Халық Қоныстану Қорының Өңірлік кеңсесінің бастамасы болып табылады және Гент университетімен, Шығыс Еуропа репродуктивті денсаулық институтымен (EEIRH), Еуразиялық әйелдер ЖИТС желісімен (EWNA) және еуропалық тәуелсіз өмір желісімен (ENIL) ынтымақтастықта іске асырылады.

Зерттеу отбасын жоспарлау және оларды АИТВ өмір сүретін әйелдердің, мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен қыздардың, сондай-ақ жақын серіктесінің зорлық-зомбылықтан аман қалған әйелдердің пайдалануы бойынша кешенді қызметтерге қол жеткізуге кедергілерді бағалауға бағытталған. Зерттеу ЮНФПА COVID-19 пандемиясы кезінде және одан кейін осы топтардың қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру үшін бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға көмектеседі.

Сауалнама сұрақтары 14 санатқа топтастырылған, олар: әлеуметтік-демографиялық сипаттама, жыныстық мінез-құлық, контрацептивтерге қол жетімділік және COVID-19 дейін және одан кейінгі отбасылық жоспарлау қызметтеріне қол жеткізу мен пайдаланудың әртүрлі аспектілері, оның ішінде физикалық қол жетімділік, қызмет сапасы, кемсітпеу, жеке өмір және құпиялылық және т.б.

Онлайн-сауалнаманы компьютерге немесе интернетке қосылған мобильді құрылғыға (смартфонға немесе планшетке) толтыруға болады.

Сауалнамаға қатысу ерікті және жасырын болып табылады — респонденттерден өз аттарын немесе қандай да бір байланыс деректерін көрсету талап етілмейді.

АИТВ – оң респонденттер үшін зерттеуге қатысушы елдер: Армения, Грузия, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан.

АИТВ-мен өмір сүретін, 18 жастан асқан ұрпақты болу жасындағы әйелдерді сауалнамаға қатысуға шақырамыз.

Өз еліңізді және сізге ыңғайлы тілді мына сілтеме бойынша таңдаңыз:

Армения

Беларусь

Грузия

Қазақстан

Қырғызстан

Молдова

Тәжікстан

Украина

Өзбекстан

 

Қосымша ақпаратты ЕЖСС – тен сауалнаманың елдік үйлестірушілерінен алуға болады:

 

* Армения, Женя Майлян, zhmayilyan@gmail.com. әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту орталығы

 

* Грузия, Лиана Чургулия, churgulialiana@gmail.com. АИТВ/ ЖИТС ауыратын науқастарды қолдау қоры

 

* Беларусь, Ирина Клинтухова, klinthiv@mail.ru, ЯНА, әйелдер қоғамдық бірлестігі

 

* Молдова, Наталья Паламар, naftusya75@mail.ru, Қоғамдық денсаулық сақтау Альянсы

 

* Қазақстан, Елена Билоконь, bilokon-21@mail.ru. АИТВ-мен өмір сүретін әйелдер Қоры

 

* Қырғызстан, Бақтыгүл Исраилова, bshuk6667@gmail.com. АИТВ-мен өмір сүретін әйелдердің елдік желісі

 

* Тәжікстан, Тахмина Хайдарова, takhmina1986@gmail.com, Тәжікстандық АИТВ-мен өмір сүретін әйелдер желісі

 

* Украина, Елена Стрижак, elenas@ukr.net, «Позитивті әйелдер» қайырымдылық ұйымы

 

* Өзбекстан, Евгения Короткова, evgeniay.korotkova@gmail.com. Өзбекстанның позитивті әйелдері, бейресми топтар

 

Осы зерттеу арқылы біз 18 жастан асқан репродуктивті жастағы АИТВ-мен өмір сүретін әйелдерді* қамтуға тырысамыз.

* Әйелдер-бұл нәсілдің, таптың, жастың, жыныстық бағдардың, гендерлік сәйкестіліктің және өзін-өзі бағалау мен әркімнің өзін-өзі тану құқығын көрсететін басқа факторлардың қиылысында орналасқан әртүрлі әйел тәжірибесі, жеке басы және әлеуметтенуі.

Тараз қ.

Төле би даңғылы, 64г

+7 (7262) 45-65-32

 aidstaraz@med.mail.kz