
«Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» студенттеріне арналған профилактикалық ақпараттық дәріс өткізілді.
Кездесуге Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары — орталық медбикесі Н. Тоғанбай және психолог М. Бегманова қатысып, дәріс оқыды.
Дәріс барысында АИТВ инфекциясының алдын алу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы маңызды ақпараттар берілді.
Студенттер танымдық сұрақ-жауап ойынына белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сауалдарға нақты жауаптар алды.
Кездесу барысында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, студенттерге арнайы ақпараттық материалдар таратылды.