Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Тараз инновациялық көпсалалы колледжінде дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің студенттерімен кездесіп, АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпараттық дәріс өткізді.
Дәрістің негізгі мақсаты – жастардың АИТВ инфекциясы туралы білімін арттыру, инфекцияның алдын алу жолдарын түсіндіру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында орталықтің эпидемиолог дәрігері М.Т.Смаил АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары кеңінен түсіндірді.
Студенттерге АИТВ инфекциясының алдын алу, ерте анықтау және медициналық көмекке уақтылы жүгіну мәселелері бойынша пайдалы ақпарат берілді. Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Іс-шара соңында студенттерге АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары туралы ақпараттық буклеттер таратылды.