Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мамандары халық арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытында санитариялық-ағарту жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шара барысында орталықтың мейірбикелері Тоғанбай Нұрдана Қайратқызы мен Момынтаева Майра Мырзадилқызы Тараз қаласындағы «Мир чехлов», «Azhar Cosmetics», «Setmax», «Мир сумок», «Аксессуарлар әлемі», «Тұмар» сауда үйі, зергерлік дүкен және «Dodo Pizza» сауда нысандарында, сондай-ақ жаяу жүргіншілер көп шоғырланатын орындарда тұрғындармен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында тұрғындарға АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, оның алдын алу шаралары, дер кезінде тексерілудің маңыздылығы және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың қажеттілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық-танымдық парақшалар таратылып, олардың сұрақтарына мамандар тарапынан толық әрі жан-жақты жауаптар мен түсіндірмелер берілді.
