Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығында ақпарттық түсіндіру іс-шара жүргізілді

Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері А.Иргебаева «Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығында» студенттерге арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға АИТВ/ЖИТС бойынша әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық ахуал жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, инфекцияның жұғу жолдары, алдын алу шаралары және оның адам денсаулығына әсері кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), В және С вирусты гепатиттерінің алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық материалдар таратылды.
Іс-шара аясында ЖИТС орталығының мейірбикесі студенттерден жедел тест алды. Тестілеу студенттердің ерікті келісімі негізінде, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес және толық құпиялылық сақтала отырып жүргізілді.