Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы мен №5 қалалық емханасының ұйымдастыруымен тұрғындарға арналған ашық есік күні өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың АИТВ-инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру, аурудың алдын алу жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат беру және тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру. Ашық есік күні барысында емхана қызметкерлері келушілерге АИТВ-инфекциясының жұғу және алдын алу жолдары, ерте диагностиканың маңыздылығы, сондай-ақ құпия түрде және тегін тексерілудің артықшылықтары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.