Жаншуақ (ГП №6) емханасында АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты – тұрғындардың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіру және уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығын жеткізу. Кездесу барысында мамандар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлық және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар АИТВ-ға құпия түрде тестілеуден өту мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды. Қатысушыларға АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.