
Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес орталығының ұжымы кезекті сенбілік шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, мекеме аумағын абаттандыру және қызметкерлер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сенбілік барысында орталық қызметкерлері мекеме ауласын қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтірді. Сонымен қатар, ағаш түптері әктеліп, жас көшеттер отырғызу жұмыстары жүргізілді. Аумақты көгалдандыру мен көркейтуге ерекше көңіл бөлінді.
Ұжым мүшелері белсенділік танытып, ортақ іске жұмыла атсалысты. Мұндай шаралар еңбек ұжымының бірлігін нығайтып қана қоймай, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыра түседі.