
Шайқорық отбасылық денсаулық орталығы ЖШС базасында «Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық актілер. Халықты АИТВ-инфекциясына скринингтен өткізу. АИТВ/ЖИТС профилактикасы» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараны Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері Абдраманова Д.Е. жүргізді.
Семинардың мақсаты – медицина қызметкерлерін Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясының таралу деңгейімен, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен, АИТВ-ға тексерілуге жататын контингенттерді скринингтен өткізу тәртібімен және алдын алу шараларымен таныстыру.
Семинар барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
АИТВ/ЖИТС бойынша өңірлік және республикалық эпидемиологиялық жағдай
Нормативтік-құқықтық құжаттар
АИТВ-ға міндетті тексерілетін топтар, оның ішінде жүкті әйелдер мен олардың серіктестері
2024–2025 жылдардағы тестілеу нәтижелерінің салыстырмалы талдауы
АИТВ-инфекциясының алдын алу, оның ішінде доконтактты және постконтактты профилактика
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу
АИТВ-ның анадан балаға берілуінің профилактикасы
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.