
🔰 Байзақ ауданындағы Юрий Гагарин атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушыларына ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Н.Бердіш АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс оқыды.
🔹 Іс-шара барысында маман еліміздегі және өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталып, жұқпаның таралу жолдары мен оның алдын алу шаралары жөнінде жан-жақты мәлімет берді.
🔹 Сонымен қатар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), түрлі жұқпалы аурулардан сақтану жолдары, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
🔹 Дәріс барысында АИТВ туралы арнайы бейнеролик көрсетілді.
🔹Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті маманнан толыққанды жауаптар алды.
✅Шара соңында орталықтың психолог маманы А.Талапбек қатысушылармен танымдық ойын өткізіп, ақпараттық жадынамалар таратты.