
Ғани Мұратбаев атындағы гимназияда жоғары сынып оқушыларына арналған АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық кездесу өтті.
ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Н. Бердіш жасөспірімдерге инфекцияның таралу жолдары, алдын алу шаралары және еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы түсіндірді.
Сонымен қатар, қауіпсіз мінез-құлық, ЖЖБИ-дің алдын алу және салауатты өмір салтының маңыздылығы кеңінен айтылды.
Кездесу барысында арнайы бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Шара соңында психолог А. Талапбек танымдық ойын ұйымдастырып, ақпараттық материалдар таратты.
Мақсат – жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру және дұрыс ақпарат беру.