
Мақсаты – жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және АИТВ туралы дұрыс ақпарат беру.
Іс-шара барысында Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медбикесі Тоганбай Нурдана қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары туралы кеңінен ақпарат берді.
Мамандар жастарға инфекцияның берілу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қорғану және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық материалдар таратты.
Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.