Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында әріптестік кездесу өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының АИТВ инфекциясының алдын алу бөлімінің меңгерушісі А. Тайчибеков “Janyna Saya” қоғамдық бірлестігі мен “Erkin pikir” үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесуге аутрич қызметкерлері қатысып, өзара танысу және алдағы бірлескен жұмыстардың негізгі бағыттары талқыланды. Аталған үкіметтік емес ұйымдар 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жарияланған тендердің жеңімпаздары атанып, АИТВ инфекциясының алдын алу бағытындағы қызметін бастаған.
Бұл – тараптар арасындағы алғашқы ресми кездесу. Жиын барысында әріптестер алдағы жұмыс жоспарларын нақтылап, өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелерін қарастырды.
А. Тайчибеков орталықтың қызметі туралы кеңінен ақпарат беріп, алдын алу шараларын тиімді жүзеге асыруда бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, серіктестік аясындағы жұмысты жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын жеткізді.
Эпидемиолог дәрігер А. Иргебаева өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және осал топтарымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері туралы баяндады.
Кездесу барысында аутрич қызметкерлері тәжірибе алмасып, жұмыс барысында туындайтын өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.
Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы уақытта өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша бірлескен іс-шараларды жүйелі түрде іске асыруға келісті.