Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы мен Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен тұрғындарға арналған ашық есік күні өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың АИТВ-инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру, аурудың алдын алу жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат беру және тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру. Ашық есік күні барысында медицина қызметкерлері келушілерге АИТВ-инфекциясының жұғу және оның алдын алу жолдары, ерте диагностиканың маңыздылығы, сондай-ақ құпия түрде және тегін тексерілудің артықшылықтары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.