Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

“ALMAZ” жастар денсаулық орталығында ашық есік күні өтті

Жамбыл облыстық Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы мен “ALMAZ” жастар денсаулық орталығында медициналық орталығының бірлескен ұйымдастыруымен тұрғындарға арналған ақпараттық-танымдық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – халық арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі ақпараттандыру жұмыстарын күшейту, инфекцияның берілу жолдары мен сақтану шаралары туралы түсіндіру, сондай-ақ ерте тексерілудің маңыздылығын насихаттау. Кездесу барысында мамандар келушілерге АИТВ-инфекциясына қатысты өзекті мәліметтер ұсынып, тестілеуден құпия әрі тегін өту мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, қатысушылардың сауалдарына жан-жақты жауап беріліп, профилактикалық мазмұндағы ақпараттық жадынамалар таратылды.