Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы мен Байзақ аудандық орталық емханасы мамандарының бірлескен ұйымдастыруымен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, халықтың ақпараттану деңгейін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында емхана келушілері мен тұрғындарға ақпараттық оқу материалдары таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, одан қорғану шаралары, уақтылы тексерілудің маңыздылығы және әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Денсаулық – ең қымбат қазына. Аурудың алдын алу – өз қолыңызда!