2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Жамбыл облысында АИТВ инфекциясының алдын алу, ерте анықтау және емдеуді жетілдіру бағытында маңызды нәтижелерге қол жеткізілді. Халықты АИТВ-ға тестілеумен қамту – 12,2%. Барлығы 148 358 адам тексеруден өтті. Диагностикалық зертханада 154 720 адам зертханалық тексеруден өтіп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48 780 адамға артық. Диспансерлік есепте тұрған 1206 адамның 97%-ы антиретровирустық терапиямен қамтылды. Емнің тиімділігі 92%-ды құрады. Анадан балаға АИТВ жұқтырудың алдын алу көрсеткіші жоғары деңгейде сақталды: Жүкті әйелдерді еммен қамту – 100% Жаңа туған нәрестелерді профилактикалық еммен қамту – 100% Анадан балаға жұқтыру қаупі – 0% Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдары, құқық қорғау органдары және үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде профилактикалық іс-шаралардың тиімділігі артты. Жылжымалы профилактикалық топ 112 іс-шара өткізіп, 7 187 тұрғынды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтыды. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы тұрғындардың денсаулығын қорғау, АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу және сапалы медициналық көмекті жетілдіру бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыра береді.