Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Мерке ауданында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өтті

Мерке аудандық орталық ауруханасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты – АИТВ туралы халықтың хабардарлығын арттыру, инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіру және уақтылы тестілеудің маңыздылығын жеткізу. Кездесу барысында мамандар АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары және қауіпсіз мінез-құлық туралы ақпарат берді. Сонымен қатар АИТВ-ға құпия түрде тестілеуден өту мүмкіндігі түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылды.