Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары мен Сарысу аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, инфекциядан қорғану жолдары жөнінде дұрыс әрі сенімді ақпарат ұсыну және АИТВ-ны ерте анықтау үшін уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығын түсіндіру. Іс-шара барысында мамандар АИТВ-инфекциясының берілу ерекшеліктері, алдын алу шаралары және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары туралы кеңінен түсіндірді. Қатысушыларға АИТВ-ға тестілеуден құпия түрде өту мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар ұсынылды. Сонымен қатар, тұрғындарға АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған ақпараттық материалдар мен жадынамалар таратылды. Кездесу соңында қатысушылар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және профилактикалық тексерулерден уақытылы өтудің маңыздылығы жөнінде пайдалы ақпарат алды.