Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«Садыхан» қалалық емханасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары мен Тараз қаласындағы «Садыхан» қалалық емханасының ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, инфекциядан қорғану жолдары жөнінде дұрыс әрі сенімді ақпарат ұсыну және АИТВ-ны ерте анықтау үшін уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығын түсіндіру. Іс-шара барысында мамандар АИТВ-инфекциясының берілу ерекшеліктері, алдын алу шаралары және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары туралы кеңінен түсіндірді. Қатысушыларға АИТВ-ға тестілеуден құпия түрде өту мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар ұсынылды. Сонымен қатар, тұрғындарға АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған ақпараттық материалдар мен жадынамалар таратылды.