Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№2 қалалық емханада АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Тараз қаласындағы №2 қалалық емханада Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары мен емхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, инфекциядан қорғану жолдары жөнінде дұрыс әрі сенімді ақпарат беру және АИТВ-ны ерте анықтау үшін уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығын түсіндіру. Кездесу барысында мамандар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары туралы кеңінен ақпарат берді. Қатысушыларға АИТВ-ға тестілеуден құпия түрде өту мүмкіндігі туралы түсіндіріліп, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Сонымен қатар, тұрғындарға АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған ақпараттық материалдар мен жадынамалар таратылды.