Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Рысқұлов жастар денсаулық орталығында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілді

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары мен Рысқұлов жастар денсаулық орталығының мамандарының ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың АИТВ-инфекциясы туралы білімін арттыру, инфекциядан сақтанудың тиімді жолдарын түсіндіру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру. Кездесу барысында мамандар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, оның алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлық және уақтылы тестілеудің маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, АИТВ-ға тестілеуден құпия түрде өту мүмкіндігі туралы түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды. Жастарға АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған ақпараттық жадынамалар мен материалдар таратылды.