Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

1 қалалық емханада АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының мамандары мен Тараз қаласындағы 1 қалалық емхананың ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – халықтың АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіру және АИТВ-ны ерте анықтау үшін уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығын жеткізу. Іс-шара барысында мамандар: АИТВ-инфекциясының берілу жолдары; алдын алу шаралары; қауіпсіз мінез-құлық қағидалары; АИТВ-ға уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берді. Қатысушыларға АИТВ-ға құпия түрде тестілеуден өту мүмкіндігі туралы түсіндіріліп, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Сонымен қатар, тұрғындарға АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған ақпараттық материалдар мен жадынамалар таратылды. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз. Уақтылы тексеріліп, АИТВ туралы дұрыс ақпарат алыңыз!