2020 жылдың 11 ақпанында облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің әлеуметтанушысы М.С.Бегманова АИТВ/ЖИТС, стигма және кемсітушіліктің алдын алу туралы дәріс өткізді. Сонымен қатар, ҚР және Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС-тың эпиджағдайлары, берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Жасөспірімдердің денсаулығын әр түрлі аурулардан қорғау мақсатында, АИТВ-жұқпасының өзектілігіне байланысты осындай іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Тек педагогтар мен ата-аналардың медициналық қызметкерлерінің бірлескен күш-жігері арқылы ғана жасөспірімдердің АИТВ-ның алдын алу шаралары туралы білімін арттыруға қол жеткізуге болады. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.