Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жастармен бірге – салауатты болашақ үшін! 💚

🎉 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Тараз қаласында жастарға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

✨ Концерттік бағдарлама өтіп жатқан сәтте Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары да жастармен бірге болып, АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

📚 Мамандар жастарға АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдары, жұғу ерекшеліктері және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы ақпарат беріп, ақпараттық буклеттер таратты.

🤝 Жастардың денсаулығын қорғау, дұрыс ақпарат қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау – басты міндеттердің бірі.