Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№6 қалалық емханада семинар өтті

№6 қалалық емханада «Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық актілер. Халықты АИТВ-инфекциясына скринингтен өткізу. АИТВ/ЖИТС профилактикасы» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясының таралу деңгейімен, жаңа нормативтік-құқықтық құжаттармен, АИТВ-ға тексерілуге жататын контингенттермен және алдын алу шараларымен таныстыру.
Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігер Д.Абдраманова, инфекционист дәрігер Г.Байдаулетова жүргізді.
Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды: Жамбыл облысы мен ҚР бойынша АИТВ/ЖИТС эпидемиологиялық жағдайы; АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық актілер; АИТВ-ға тексерілуге жататын топтар, оның ішінде реципиенттер, жүкті әйелдер және олардың серіктестері; 2025 жылғы №2 есеп беру нысаны (2024 жылмен салыстыру); АИТВ-инфекциясының алдын алу, АИТВ мәртебесін білудің маңыздылығы; Доконтакттық және постконтакттық профилактика; АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу; Анадан балаға АИТВ, мерез және С гепатитінің берілуінің алдын алу; АИТВ-инфекциясын диагностикалау, емдеу және қатар жүретін аурулар
💬 Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.