
М.Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына арналған ақпараттық-профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мейіргері Р. Қуанышбеков қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу шаралары, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар қауіпсіз мінез-құлық қағидалары мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Оқушылар белсенділік танытып, сұрақ-жауап бөлімінде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылып, қосымша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.