
25 қазан – Республика күніне орай Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Салтанатты жиын орталықтың мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды.
Іс-шара барысында орталық бас дәрігерінің орынбасары Қалметова Гүлжан Алдабергенқызы ұжымды ұлттық мерекемен құттықтап, Республика күнінің ел тарихындағы маңызына тоқталды. Ол қызметкерлерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс және еліміздің өркендеуі жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.
Мерекелік жиын аясында орталықтың бірқатар қызметкеріне кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып, денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлестері үшін республикалық, облыстық және өзге де деңгейдегі марапаттар табысталды.
Шара орталық қызметкерлері дайындаған мерекелік бағдарламамен жалғасын тапты. Ән мен жырға ұласқан өнер көрсетілімдері жиынға ерекше көңіл күй сыйлап, ұжымның бірлігі мен ұйымшылдығын айқындай түсті.