Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«Alem» кәсіби білім беру колледжінде аитв инфекциясының алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті

 

«ALEM» кәсіби білім беру колледжінде АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы М.Т. Смаил қатысушыларға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары және инфекциядан қорғану тәсілдері туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында колледж студенттерімен және оқытушыларымен кері байланыс орнатылып, тақырып бойынша өзекті сұрақтар талқыланды. Қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі ақпараттық буклеттер таратылды.
Сонымен қатар, орталықтың медицина қызметкерлері колледж қызметкерлеріне экспресс-тестілеу жүргізді.