
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Салтанатты жиында мекемеде еңбек етіп жүрген ер азаматтарды мерекемен құттықтап, олардың жауапты қызметі мен қоғам денсаулығын сақтау жолындағы еңбектеріне алғыс айтылды.