Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Байзақ ауданындағы Түймекент орта мектебінде ақпараттық дәріс ұйымдастырылды

Байзақ ауданындағы Түймекент орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына ЖИТС орталығының психолог маманы А.Талапбек және Байзақ аудандық орталық емханасының Жастар денсаулық орталығының психолог маманы А.Смагулова және салауатты емір салтын кальптастыру
мейірбекесі А.Айтбаева АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар еліміздегі және өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, инфекцияның таралу жолдары мен сақтану тәсілдері туралы кеңінен баяндады.
Сонымен қатар, гинеколог дәрігер М.Қожахмет «Қыз баланың өсіп-жетілуі мен репродуктивті денсаулығы», «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Жеке бас гигиенасы», «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыптарында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар, түрлі аурулардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы да кеңінен айтылды.
Іс-шара аясында АИТВ жөнінде арнайы бейнеролик көрсетілді.
Оқушылар дәріске белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Шара соңында қатысушыларға танымдық ойын ұйымдастырылып, ақпараттық жадынамалар үлестірілді.