Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша мектеп қызметкерлерімен кездесу өткізілді

Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері Н. Бердіш А.Айтиев атындағы орта мектеп ұжымымен кездесу өткізіп, АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Нұрзада Беріктемірқызы АИТВ/ЖИТС індетіне қатысты әлемдік, республикалық және өңірлік деңгейдегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет беріп, инфекцияның таралу себептері мен қорғану жолдарына тоқталды. Сонымен бірге, дерттің адам ағзасына тигізетін әсері жөнінде кең көлемде ақпарат ұсынылды.
Іс-шара кезінде қатысушыларға арнайы бейнебаян көрсетіліп, ақпараттық жадынамалар үлестірілді.
Сонымен қатар, ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері мектептің медициналық кабинетінде ИФТ тәсілі арқылы ерікті және құпия түрде тегін скринингтік тексеру ұйымдастырды. Тексеру қолданыстағы заң талаптарына сай жүргізілді.