Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№7 гимназия ұжымына арналған АИТВ-ның алдын алу шарасы ұйымдастырылды

Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психологы Г. Шамурзаева №7 гимназия ұжымына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық сауаттылықты арттыру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды насихаттау.
Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС бойынша еліміздегі және облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет беріліп, инфекцияның жұғу жолдары, алдын алу шаралары және дер кезінде тексерілудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ), В және С вирусты гепатиттерінің таралу жолдары мен олардан сақтану тәсілдері кеңінен талқыланды.
Мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, салауатты өмір салтын ұстану, жеке қауіпсіздік шараларын сақтау және тұрақты медициналық тексеруден өтудің маңызын атап өтті.
Іс-шара аясында гимназияның медициналық кабинетінде ИФТ әдісімен ерікті әрі құпия түрде тегін тексеру ұйымдастырылып, қатысушыларға кеңес беру жұмыстары жүргізілді.