
Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы А.Талапбек Бектөбе ауылдағы Амангелды атындағы орта мектеп ұжымымен ақпараттық-ағарту кездесуін өткізді.
Кездесу барысында маман қатысушыларға АИТВ/ЖИТС бойынша дүниежүзілік, республикалық және облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет беріп, инфекцияның берілу жолдары мен одан қорғану шараларын жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар, жыныстық жолмен таралатын инфекциялардың, сондай-ақ В және С вирусты гепатиттерінің алдын алу тәсілдері түсіндіріліп, қатысушыларға арнайы ақпараттық жадынамалар таратылды.
Іс-шара аясында ЖИТС орталығының медицина мамандары мектептің медициналық кабинетінде ИФТ әдісі негізінде тегін скринингтік тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру шаралары ерікті түрде, заң талаптарына сәйкес және толық құпиялылық қағидаларын сақтай отырып ұйымдастырылды.