Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

2026 жылдың 4 айдың қорытындысы бойынша жиын өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында «Жамбыл облысы бойынша 2026 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша кеңейтілген жиын өтті. Жиынға орталықтың бөлімше меңгерушілері, жауапты қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, бас дәрігердің ұйымдастыру әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Калметова Гүлжан Алдабергенқызы облыс бойынша 2026 жылдың алғашқы 4 айындағы АИТВ инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуалға жан-жақты тоқталып, атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады.
Жиында орталықтың бас дәрігері Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың маңыздылығына ерекше тоқталып, АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейтудің қажеттігін айтты. Сонымен қатар, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және профилактикалық бағдарламалардың тиімділігін арттыру бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Жиын қорытындысы бойынша АИТВ инфекциясының таралу деңгейін төмендетуге бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асыру, мониторинг жұмыстарын күшейту, ведомствоаралық байланысты жетілдіру және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.