Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Сарыкемер гимназия-тірек мектебінің ресурстық орталығында жастармен кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты – жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және АИТВ туралы дұрыс ақпарат беру.

Іс-шара барысында Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері Н. Бердіш қатысушыларға АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары туралы кеңінен ақпарат берді.

Мамандар жастарға инфекцияның берілу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қорғану және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Шара аясында танымдық элементтер ұйымдастырылып, ақпараттық материалдар таратылды.