Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Байзақ ауданындағы Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында ақпараттық дәріс ұйымдастырылды

Байзақ ауданындағы Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларына ЖИТС орталығының психолог маманы А.Талапбек АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында маман еліміздегі және өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, инфекцияның таралу жолдары мен сақтану тәсілдері туралы кеңінен баяндады.
Сонымен қатар, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар, түрлі аурулардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.
Шара соңында қатысушыларға танымдық ойын ұйымдастырылып, ақпараттық жадынамалар үлестірілді.